Республика күніне орай «Жас өрен» республикалық байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланды

Республика күніне орай композиторлар мен ақындар арасында өткен балалар әні мен поэзиясына арналған (әндер, поэмалар, өлеңдер) «Жас өрен» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған конкурс 2022 жылдың 15 шілдесі мен 15 қазаны аралығында өтті.

Президент жариялаған биылғы Балалар жылында өткізілген мәні зор бұл жобаның басты мақсаты – балаларға арналған отандық шығармаларды дәріптеу, балалар әндері мен өлеңдерінің репертуарын толықтыру, сондай-ақ еліміздегі балалар композиторлары мен ақындардың шығармаларын бала-бақшалар мен мектептерге, балалардың музыка мекемелеріне, сондай-ақ шалғайдағы ауылдық кітапханаларға дейін қолжетімді қылу арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.

Бұл ретте, Отанға қызмет ету, ел мен жерге деген жоғары патриоттық сезімді қалыптастыратын өнер туындыларын шығару және осы арқылы ұлттық руханиятқа үлес қосқысы келетін отандық авторларды қолдаудың маңызы зор.

Қатысушылардың кәсіби білігі мен жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған аталған конкурс жоғары бәсекеге толы, тартысты өтті.

«QAZAQSTAN» телеарнасы арқылы көрсетілген конкурс туралы хабарлама – мектеп  оқушыларынан бастап аға буынның өкілдеріне дейінгі қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды (барлығы 405 өтініш).

Бұндай құбылыс – қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысындағы өсуі мен өзін-өзі дамытудың кең етек алып келе жатқанын көрсетсе керек.   

Байқауға ұсынылған 204 шығарманың  133 – поэзия, 71 –ән жанрында болды. Байқаудың қазылар алқасы құрамына еңбек сіңірген белгілі мәдениет пен өнер және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйым өкілдері кірді.

«Жас өрен» республикалық байқауының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік Гала-концертте өтеді деп жоспарлануда.

Аталған шара барысында жиналған жұртшылық конкурс лауреаттары мен дипломанттарының шығармаларымен таныса алады.

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Тіл – ұлттың рухани негізі, халықтың тарихи жадын сақтайтын...

Дау мұраты – бітім

Қазақ халқы ежелден «Дау мұраты – бітім» деп, кез...

Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық...

«Бүркітші» dark-триллерінің тұсауы кесілді

Алматыда қазақстандық режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» фильмінің тұсаукесері өтті....

Сот төрелігінің ашықтығы – қоғам сенімінің негізі

Сот жүйесіне деген қоғамдық сенім – құқықтық мемлекеттің маңызды...