Кәрім Бензема алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема «Алтын доп» иегері атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Чемпионат.com басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ойыншы спорттық карьерасында аталмыш марапатты алғаш рет алған.

«Реал» капитаны өткен жылы Ла Лигада өткізген 32 матчта 27 гол салып, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасында алаңға 12 ррет шығып 15 гол соқты. «Бланкос» сапында Испания біріншілігін жеңсе, Чемпиондар Лигасының финалында «Ливерпульді» ұтты. 

Осыған дейін француз футболшыларының ішінде «Алтын допты» Раймон Коп (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан Пьер-Папен (1991) және Зинедин Зидан (1998) алған.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...