Ресейлік дәрігер Қазақстаннан шығарылды

Әлеуметтік желіде ресейлік дәрігердің Қазақстаннан шығарылғаны туралы ақпарат шықты. Полиция өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция бұл ақпаратты растады. Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша, 23 қыркүйекте РФ азаматы Роман Алферов ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне «Қордай авто» бақылау-өткізу пунктінде тапсырылды.

«Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық ПБ-ның арызы бойынша Қазақстанның заңнамасын бұзғаны үшін Ресей азаматы Роман Алферов Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды. Сот шешімін өз еркімен орындауға 10 күн мерзім берілген, алайда осы уақыт ішінде шетелдік азамат әртүрлі жолдармен сот шешімін орындаудан жалтарған, яғни бірнеше рет кассациялық шағым берген, стационарда емделуде болған. Сонымен қатар ол Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған», — деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін...

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек — бұл...

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі

Тіл ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі....

Ата-ана құқықтары мен міндеттері

Отбасы қоғамның негізгі әлеуметтік институты болып табылады. Әрбір баланың...