Қазақстанға келген ресейліктердің жартысынан көбі кетті — ІІМ

Кейінгі күндері Қазақстанға келген Ресей азаматтарының жартысынан көбі елден шығып кетті. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«100 мыңға жуық адам кірді, бүгінде олардың 65 пайызы шығып кетті. Кешегі күні 64 мыңнан астамы елімізден кетіп қалды», — деді Қожаев Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Ол бір апта ішінде Ресейден келген иммигранттар бірде-бір қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаған жоқ деп сендірді.

«Көбіне заңға бағынатын азаматтар, өмір сүруге ресурсы бар кезде келеді. Олар құқықбұзушылық жасаған жағдайда, әрине, қарапайым азамат сияқты шаралар қабылданады. Заң барлығына бірдей. Егер олар көші-қон заңнамасын бұзса, онда елден шығарылады, егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Біз шекарада және олар орналасқан жерлерде көші-қон процестерін бақылаймыз. Біз әлеуметтік желілерде де, БАҚ-та да профилактикалық жұмыстар жүргізіп, мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деді ол.

Сондай-ақ, ол әзірге Ішкі істер министрлігіне Ресейден іздеуде жүргендер тізімі келмегенін түсіндірді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...