Қазақстан ресейлік «Мир» карталарын қабылдауды тоқтатты — БАҚ

Түрік банктері «Мир» карталарын қабылдауды тоқтатқаннан кейін, басқа елдердің несие ұйымдары да ресейлік төлем жүйесімен жұмысын тоқтататынын мәлімдеген., — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Халық банкінің байланыс орталығы басылымға ресейлік карталарға терминалдар арқылы да, банкоматтар арқылы да қызмет көрсетілмейтінін айтқан.

Ресейлік «Мир» төлем жүйесінің карталары енді вьетнамдық BIDV-де қабылданбайды. Банк қызметкерінің айтуынша, BIDV VISA, Mastercard, Western Union, JCB, UnionPay карталарына қызмет көрсетуді жалғастырады, бірақ «Мир» төлем жүйесі бұл тізімде жоқ.

Ресейдің Орталық банкі шетелдік серіктестер «Мир» карталарын қабылдау, қабылдамауды өздері шешеді деп жауап берді. Бірақ ұлттық карталарды қабылдау географиясын кеңейту бойынша диалогты жалғастыруға ниетті.

20 қыркүйекте «Мир» төлем жүйесінің сайтында карталарды қабылдау географиясы туралы жазылатын бөлім жабылғаны атап өтілді. Ұлттық төлем карточкалары жүйесінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі хабарламасында «пластик» сегіз елде, соның ішінде Қазақстанда қабылданатыны жазылған болатын.

Будущий депутат XXI века, должна ли профессиональная подготовка начинаться до выборов?

Государство предъявляет высокие требования практически ко всем профессиям, от...

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...