Қоғамдық ұйымдар сотталғандарға қолдау көрсетті

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «№60 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеушілерге психологиялық қолдау көрсету мақсатында тренинг өтілді.

Бұл іс-шара Қызылорда облысының қоғамдық басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен, бірнеше қоғамдық ұйымдардың ұйымдастыруымен болды.

Тренингті қоғамдық ұйымның директоры, психолог Тимур Камалов сотталғандармен «Өзін-өзі дамыту» тақырыбында жүргізді.

Шара барысында сотталғандар өз ойымен бөлісіп, алған әсерлері жайында айтты.

«Темір торда жаза өтеу қиын әрине. Мұнда мекеменің өзіндік ішкі күн тәртіп ережесі бар, біз сол ережемен ғана жүріп тұрамыз. Алайда, осылай бізге көңіл бөліп, аз уақытқа болса да бостандықта жүргендей сезім бөлегендеріңіз үшін сіздерге шын жүректен барлық сотталғандардың атынан алғысымды айтамын», — деп өз алғысын білдірді Н есімді сотталған.

Ұйымдастырушылар да өз кезегінде сотталған азаматтарға белсене қатысқандары үшін алғыстарын айтты. Сондай-ақ, алдағы уақыта спорттық ойын түрлерінен де жарыстар өткізуге болады деген ұсыныстарын білдірді.

Кездесу соңында мекемеге келген аты аталған ұйым қызметкерлері сотталғандарға доп, дойбы, тоғыз құмалақ, үстел теннисіне арналған ракеткалар сыйға тартты.

Проведено совещание по вопросам организации трудовой занятости осуждённых

В учреждении средней безопасности УИС по области Абай проведено...

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялась выставка книг

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...