«Туды өртеген»: Ақтөбеде мемлекеттік мекеме қызметкерлері түсінік берді

Ақтөбе облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті аула ішінде туды өртеген. Қызметкерлер әлеуметтік желіге тарап кеткен бейнематериалға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері аула ішінде ту жақты. Бұл видео әлеуметтік желіге тарап, көпшілік ашуын туғызды.

«Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 12 қыркүйекте арнайы комиссия есептен шығарған туды жақты. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларының 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес ұзақ уақыт пайдалану салдарынан жарамсыз болған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туларын және оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртелді», — деп хабарлады мемлекеттік мекеме басшысы Қаблан Қамбарбеков.

Айта кетейік, осы жолмен мекеме екі жылда 29 мекемеден жиналған 60-тан астам туды жақты.

Әдеп басы — тіл

Біз қазақ деген ұлы халықпыз. Тілімізде, дінімізде тек қана...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баласының қайыр сұрағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Отандық соттағы ЖИ: ізденістер мен ілкімді істер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрлық даму және...