ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ЖӘНЕ СУДЬЯЛАР ОДАҒЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕН СУДЬЯЛАР ОДАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛУЫН АТАП ӨТТІ

2026 жылғы 23 қазанда Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасы Судьялар одағының ұйымдастыруымен Республика күніне және Судьялар одағының құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы А.А. Мерғалиев ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Жоғарғы Сот Төрағасы өз сөзінде Республика күнінің еліміздің тарихындағы ұлттық мемлекеттілігімізді нығайтудағы, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадір-қасиетін дәріптеудегі маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына 30 жыл толуына орай оның кәсіби судьялар қауымдастығын қалыптастыруға және еліміздің сот жүйесін дамытудағы рөлін баса айтты. Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру туралы айта келе, А. Мерғалиев сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар мен олардың негізгі нәтижелеріне тоқталды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Д.С. Әмір құттықтау сөз сөйлеп, Республика күнінің тарихи маңызы мен Судьялар одағының отыз жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы баяндады. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация еліміздің тәуелсіздікке бастар жолындағы маңызды тарихи қадам болғанын жеткізді. Сондай-ақ Республика күні ұлттық мемлекеттілігімізді дәріптейтін, тәуелсіздігіміздің қадірін ұғындыратын және ел бірлігін нығайтатын айрықша мереке екенін атап өтті. Өз сөзінде Д.С. Әмір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған «Әділетті Қазақстан» құру міндеттері аясында сот билігінің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагер судьялардың еңбегі атап өтілді. Аға буын өкілдерінің кәсіби білімі, мол тәжірибесі мен адал қызметі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізіп, олардың судьялар қауымдастығының кәсіби дәстүрлерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығын баса айтты.

Құрылғанына биыл 30 жыл толып отырған Қазақстан Республикасы Судьялар одағы осы кезең ішінде судьялардың кәсіби мүдделерін қорғау, олардың мәртебесін арттыру, сот тәуелсіздігін қолдау және сот төрелігінің сапасын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанына ерекше тоқталды. Сондай-ақ, Судьялар әдебі кодексінің маңыздылығы, судьялардың кәсіби жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттері, Одақ съездерінің сот жүйесін дамытудағы рөлі және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды. Салтанатты іс-шара аясында сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан судьялар қауымдастығының өкілдері мен сот ардагерлері мерекелік марапаттармен марапатталды. Бұл марапаттар олардың көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби қызметіне көрсетілген құрметтің айқын белгісі болды.

Мерейтойлық жиын судьялар қауымдастығының бірлігін нығайтуға, сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбегін ұлықтауға және кәсіби сабақтастықты дәріптеуге арналды. Салтанатты кеш Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры әртістерінің орындауындағы «Шәмші» қойылымымен қорытындыланды. Театр әртістерінің шебер орындауы көрермендерге ерекше әсер қалдырып, мерекелік кештің мазмұнын байыта түсті.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...