Алматыда LRT желісі қашан қосылады? Әкімдік жауап берді

Алматыда жеңіл рельсті көліктің бірінші желісі 2027 жылы іске қосылады. Бұл туралы «Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» бекіту бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясында әкім орынбасары Асқар Амрин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спикердің сөзінше, әлемнің ірі қалаларында азаматтар негізінен жүрдек көлік – метро, LRT, BRT жүреді. Автобус, велосипед, самокат қысқа қашықтыққа жүру үшін қолданылады.

«2025 жылға дейін қолданыстағы BRT желісі «Шығыс қақпасы» полиорталығына дейін ұзартылып, Райымбек даңғылы бойымен жаңа BRT желісі іске қосылады. 2025 жылы Қалқаман метро стансасы пайдалануға беріліп, батыс бағыттағы келесі үш стансаның құрылысы басталады. 2027 жылға қарай Төле би көшесінің бойында жүрдек жеңіл рельсті жолдың бірінші желісін іске қосамыз», – деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар ол арнайы жолақтарды енгізу және интеллектуалды көлік жүйесін дамыту арқылы автобустар мен троллейбустардың саны артатынын тілге тиек етті.

Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев Алматыға LRT желісі керек екенің айтып, оны салу мәселесі қазанның басына дейін шешілетінін айтқан болатын.

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...