Қырғызстанда зейнетақы рекордтық деңгейде өсті

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өткен жылы елдегі зейнетақы рекордтық деңгейде өскенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қазаннан бастап қырғызстандықтардың зейнетақысы орташа есеппен 1700-ден 3400 сомға дейін өседі (шамамен 10-нан 20 мың теңгеге дейін).

«Әрине, бұл идеалды көрсеткіштен алыс екенін білеміз. Бірақ біздегі бюджет мүмкіндіктеріне сүйене отырып, біз азаматтарымыздың өмірін жақсарту үшін барлығын жасап жатырмыз. Осыған дейін зейнетақы орташа есеппен 200-300 сомға көтерелетін. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қырғыз халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады», — деп жазды Жапаров Facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол Қырғызстанда 735 мың зейнеткер бар екенін, енді оларға зейнетақы төлеуге жыл сайын республикалық бюджеттен 70 миллиард емес, 90 миллиард сом бөлінетінін айтты.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....