Елімізде этникалық қазақтарға арналған арнайы карта енгізіледі

Қазақстанда тарихи отанында бизнесін дамытқысы келетін шетелден келген этникалық қазақтар үшін арнайы карта енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

«Тарихи отанмен байланысты нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар немесе өз елдерінде табысты бизнес-кейстерді жүзеге асырған этникалық қазақтарға (басқа елдердің азаматтарына) Қазақ картасын енгізу ұсынылады. Бұл қандастарымыздың бизнестерін өз елдерінде және Қазақстанда дамытуына мүмкіндік беретін болады», — делінген хабарламада.

Карточка ұстаушы елге жеңілдетілген кіру мүмкіндігіне ие болады, оларға тұруға ықтиярхаты барлармен бірдей құқықтар беріледі. Саяси құқықтарды қоспағанда, бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа да мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізуге мүмкіндік берілмек.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...

Сот тауартану сараптамасының мүмкіндіктері

Сот тауартану сараптамасы сот сараптамаларының маңызды түрлерінің бірі болып...