Қазақстанда өрттен зардап шеккен әр үйге 25 млн теңге бөлінеді

Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге баспана салуға 2,3 млрд теңге бөлінеді. Демек әр үйге 25 млн теңгеден келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Оның есебінше бұл қаражаттың ішінде инфрақұрылым да бар. Сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп, жол салынатын болады. Сонымен қатар үй салынатын әр учаске 10 сотықтан болады. Үйдің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрамақ.

“Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар министрлігінен бірінші бюджеттік өтінім келді. Осы бюджеттік өтінімге сәйкес 2,3 млрд теңге Үкімет резервінен бөлінеді. Бұл нысаналы қаражат. Ол үй құрылысына жұмсалады. Бүгінгі есептеулерге сәйкес, бұл қаражат 91 үй салуға бөлініп отыр. Әр үйге шаққанда 25 млн теңгеден келеді”, – дейді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке...

Сот приставының сот жүйесіндегі рөлі мен маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің құқықтық тәртібі мен азаматтардың заңды...

Токаев: печаль — плохой попутчик для нашей молодежи

«Человек, который боится сделать шаг, не верит в свои...

Сот тауартану сараптамасының мүмкіндіктері

Сот тауартану сараптамасы сот сараптамаларының маңызды түрлерінің бірі болып...