12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жылжымайтын мүлік объектілерінің қате мәліметін түзету  жеңілдетілді  

Азаматтар жылжымайтын мүлік объектілеріне қате мәліметтерді түзету қызметін екі жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-на жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша өтінішпен қажетті құжаттарды қоса бере отырып жүгіну  немесе «электрондық үкімет»веб-порталы www.egov.kz арқылы ала алады.

«Электрондық үкімет»веб-порталында азаматтар egov.kz сайтына кіру арқылы төмендегі шарттарды орындайды:

1. egov.kz сайтына кіру;

2. «Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» қосымша бетінде «Əділет министрлігін» таңдап, содан кейін «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесіндегі «жылжымайтын мүлік объектілерінің қате мəліметтерін түзету» қызметіне өту;

3. «Онлайн қызметке тапсырыс беруге» басу;

4. Барлық қажетті өрістерді толтыру;

5. Құқық белгілейтін құжаттың скан-көшірмесін (сатып алу-сату, сыйға тарту, жекешелендіру шарты, мұрагерлік туралы куəлік, сот шешімі жəне т. б.) бекіту

6. Өтінімді толтыру жəне оған электрондық-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе смс-құпиясөз арқылы қол қою (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).  

7. Жеке кабинетте, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысуға болады.

Жоғарыдағы қызметті пайдалану арқылы жылжымайтын мүлік объектісі бойынша келесі қателерді түзетуге болады:

— жылжымайтын мүліктің мекенжайын жəне кадастрлық нөмірін;

— объектінің техникалық жəне сəйкестендіру сипаттамаларын:

ауданы, қабаты, құрамдастар саны, нысаналы мақсаты, құқық түрі, меншік нысаны, меншік құқығын тіркеу күні;

— меншік иесінің қате деректерін: Т. А. Ə., туған күні, ЖСН;

— құқық белгілеуші құжаттардағы ақпаратты: күні, нөмірі;

— жылжымайтын мүлікке қате тіркелген құқықтарды.

Түркістан облысы Әділет департаментінің  

тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік

қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің

жетекші маманы М.Меңдеш

Колонию Астаны посетила представитель Уполномоченного по правам человека

С ознакомительным визитом колонию-поселения посетила представитель Уполномоченного по правам...

ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫ ҚАТАРЫНДА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІНІҢ ҮЛЕСІ АРТТЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жан басына шаққандағы жылдық жұмыртқа...

ДӘРІГЕРЛЕР ЕРЛЕДІ

Биыл көктем елімізге жайлы болмады. Дегенмен, осынау қиын кезде...

ӨҢІРДЕ ӨНІМДІ ІС КӨП

Ақмола облысында инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру...