М.ЕСБОЛАТОВ АУДИТОРИЯСЫ АШЫЛДЫ

ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында КСРО және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, милиция генерал-майоры Мақан Есболатов атындағы аудитория ашылды.

Аудиторияның лентасын Академия басшысы полиция полковнигі Айдар Сайтбеков пен генералдың қызы отставкадағы полковник Раушан Мақанқызы қиды.

Мақан Есболатов атындағы аудитоияға оның өмір жолы мен кіші лейтенаттан милиция генерал-майорына дейінгі және қатардағы қызметкерден Қазақ КСР Ішкі істер министріне дейінгі еңбек жолын баяндайтын стендтер қойылған. Сондай-ақ аудиториядан генерал-майор М.Есболатовтың жеке заттары мен мемлекеттік және ведомстволық наградалары да орын алды.

М.Есболатов ішкі істер органдарының беделін арттыруға зор үлес қосқан тұлға. Ол 1973 -1980 жылдар аралығында Қазақ КСР ішкі істер министрі болып тұрған кезде Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінді, ІІМ ақпараттық-есептеу орталығы салынды, Алматыда алғаш рет ЭЕМ қолданумен көше қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді және облыстық Ішкі істер басқармаларында штабтар мен кезекші бөлімдер құрылды. Бүкіл республика бойынша қоғамдық тәртіптің тірек пункттері, ерікті халық жасақтары, жедел отрядтар ұйымдастырылды.

М.Е. Есболатов КСРО ІІМ Алматы арнайы милиция орта мектебін (қазіргі академия) 12 жыл басқарған кезде де оқу орнының оқу-материалдық базасын қайта жаңартты. Оның басшылығымен жаңа оқу корпусы, жатақхана, акт залы және асхана салынды, жылыжай шаруашылығы құрылды. Осының барлығы 1991 жылдың шілдесінде орта оқу орнын ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебі етіп қайта құруға мүмкіндік берді, оның бірінші бастығы болып М. Е. Есболатов тағайындалды.

Генерал-майор М.Е. Есболатов «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет» ордендерімен, 15 медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2017 жылдың 18 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясына Мақан Есболатовтың есімі берілді.

Ішкі істер органындағы айтулы тұлғаға арналған аудиторияны ашу салтанатында «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі президиумы төрағасының бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Б.Сәрсеков пен Раушан Есболатова сөз сөйлеп, аңыз адамға айналған М.Есболатов туралы естеліктер айтты.

AI-SANA: СТУДЕНТЫ КАЗАХСТАНА РАЗРАБОТАЛИ БОЛЕЕ 440 ИИ-ПРОЕКТОВ

AI-SANA: СТУДЕНТЫ КАЗАХСТАНА РАЗРАБОТАЛИ БОЛЕЕ 440 ИИ-ПРОЕКТОВ Одним из ключевых результатов...

Тимур Турлов: «Мы — нация технооптимистов и предпринимателей»

Провёл прекрасное воскресенье в Алматы по дороге из Японии...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі: құқықтық мәртебесі мен басымдылығы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің құқықтық мәртебесі,...

ТӨРЕЛІК ЕТКЕН ТУРА БИ: МҰРАТ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫНЫҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛЫ

Абыройлы доғарыстағы судья, сот саласының сыйлы ардагері Мұрат Жақыпбеков...