Алматыда қыз алып қашу оқиғасына қатысты тергеу басталды

Алматы қаласы Полиция департаменті қызды ұрлау дерегі бойынша тергеудің басталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

«Бүгін біздің бөлімшеге А. есімді азаматша келіп, арыз жазды. Дерек тіркелді және тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қызға алғашқы іс жүргізуде «көлікке өз еркімен отырғанын, ауылдастарына ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, ішкі істер органдарын неліктен адастырғаны» туралы сұрақ қойылды. Ол достарына сенгендігін айтты. Оқиғаға қатысушылар анықталды, олардың әрқайсының әрекетіне түбегейлі баға беріледі», — деді Алмалы ауданы ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Жәбірленушінің айтуынша, қыз оларға сеніп, көлікке отырған.  

«Олар мені үйге апарып тастауы керек еді, бірақ басқа бағытқа бұрылды. Осыдан кейін оның ата-анасынан мені үйге қайтарсын деген қоңыраулар түсе бастады. Мені тұратын мекенжайым бойынша үйіме әкелді. Жалпы, мен арыз жазғым келмеді, мен тек олардан: «Мені жайыма қалдырыңдар, мен сендерге тиіспеймін» дедім» — деді қыз.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда қыз алып қашу сәтінің видеосы тараған болатын. Авторлары — жағдайға немқұрайды қарамаған алматылықтар белгісіз ер адамдар қызды көлікке күшпен отырғызғанын айтады. 

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...