Алматыда Artsport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Artsport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкіміне тегін спорттық-шығармашылық секцияларға мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру бағдарламасы туралы сұрақ қойылды.

Досаев 1 қыркүйектен бастап бағдарламаны қаржыландыру тоқтатылады, өйткені бюджетте оған жергілікті қаражат жоқ деп жауап берді.

«Біз жеткізушілер және ата-аналар алдында адал болдық. Біріншіден, қаржыландыру мәселесін шешу керек, бюджетте қаражат қарастырылмаған. Мен бағдарламаның маңызды екенін және қалаға қажет екеніне келісемін. Сондықтан, халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларға арналған спорт секцияларының қалалық бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым. Мен өзімнің орынбасарым Арман Қырықбаевқа мұқтаж жандарға ғана бағытталған бағдарлама дайындауды тапсырдым» — деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, Алматы әкімі бұған дейін халықпен кездесулер барысында Artsport бағдарламасы төңірегіндегі жағдайға, соның ішінде Нұр-Сұлтандағы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есеп беру кездесуінде бірнеше рет түсініктеме берген болатын. Шілденің 7-сі күні Ерболат Досаев 1 қыркүйекке дейін қаланың бағдарламаны қолдап, барлық міндеттемелерін орындайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, Алматы әкімдігі ARTSPORT.EDU.KZ порталында спорт секцияларын қаржыландыруға 594, мәдениет саласына 1162 өтінім мақұлданғанын хабарлады.

Бұған дейін мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев балалар спорт секцияларына арналған Artsport бағдарламасының жағдайы туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, оны толық қамтамасыз ету үшін қаражат жоқ.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...