Қазақстаннан тыс жерлерге автокөлікпен көмір шығаруға тыйым салынады

Көмірді Қазақстаннан тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салатын бұйрық әзірленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов айтып берді.

«Өткен жылыту маусымында көмірді республикадан тыс жерлерге шығару фактілері байқалды. Мұнда биржа арқылы ұсыну жолымен алатын, халық үшін арнайы баға белгіленген көмір бар екенін айта кетейін. Бірақ өткен жылы көмірдің едәуір көлемі арнайы бағамен ел аумағынан тыс кеткені туралы фактілер анықталды», — деді Ілияс Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жамбыл облысы әкімдігінің дерегіне сәйкес, өткен жылы «Айша бибі», «Сыпатай батыр», «Қарасу» кеден бекеттері арқылы Қырғызстанға шамамен 120 мың тонна көмір шығарылған.

«Көмірді елден әкету әлі де жалғасуда. Меркі ауданы тұрғындарының ақпараты бойынша, көмір сату орындарында қатты отынды әкетуге дайын 50-ге жуық автокөлік тұр. Биыл осындай фактілерді болдырмау үшін көмірді автокөлікпен әкетуге тыйым салатын бұйрық әзірледік. Бірақ теміржол көлігінде еш шектеу жоқ. Біз шекаралас өңірлермен кеңес өткіздік», — деп нақтылады спикер.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...