Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 48 жастағы ер адам 9 азаматты алдап үлгерген.

«А. есімді азамат Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген. Алаяқтық туралы шаһардың бірнеше тұрғыны полицияға хабарласқаннан кейін белгілі болды. Барлығының оқиғасы бірдей. Пәтер іздегендер танымал интернет-сервистен нарықтағы бағадан төмен бағаны көріп, хабарласқан. Үй иесінің шарты алдын ала төлем беру немесе тұру үшін толық соманы төлеу болды. Ол клиенттердің көптігін және пәтерге бірінші болып ақша төлеген адам тұратындығын айтып өз әрекеттерін негіздеген. Кәсіпкер азамат ақшаны алғаннан кейін бірден байланысқа шығуын тоқтатып, ұялы телефон нөмірін ауыстырған», — дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Алматы қаласы Криминалдық полиция басқармасы мен Алмалы аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдікті қамауға алынды. Алмалы аудандық Полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Іс жүргізу барысында оның осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 530 мың теңге. Тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қосымша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деді Қуатбек Науатов.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...