12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Соттармен өзара  іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесі

Бүгінде азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқы мен бостандығын сот арқылы қорғауды тиімді жүзеге асыру мақсатында құрылған соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер жұмыс істеуде.  Жоғары Сот Кеңесінің 2016 жылғы 17 ақпандағы шешімімен бекітілген соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес туралы ережеге сәйкес кеңестер судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау және азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді судья лауазымына үміткерлерді іріктеу  рәсімдеріне қатысуға тарту мақсатында құрылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік билік органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылының осындай үлгісінде де көрініс табады. Яғни, азаматтық қоғам  бірыңғай мемлекеттік биліктің тәуелсіз бұтағы соттарда сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы кадрларды іріктеу жөніндегі ұсыныстар арқылы көрініс табуда. Бұл өте қажет. Өйткені, кадрлық іріктеу шараларының ашық  және демократяиылық қағидаттарға  болуы сот корпусының  сапалы жасақталуының бірден бір кепілдігі.

   Соттармен өзара  іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесі Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі бекіткен ережеге сәйкес жұмыс істейді. Соттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) облыстық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – облыстық сот) жанындағы консультативтік-кеңесші орган және өзінің қызметін қоғамдық бастау негізінде жүзеге асырады.Кеңес қызметінің құқықтық негізі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен және осы Ережемен белгіленеді.

Кеңес  судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау және  судья лауазымына кандидаттарды іріктеу рәсімдеріне қатысуға азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді тарту мақсатында құрылады.Кеңестің қызметі жариялылық, еріктілік, адалдық, өтеусіздік және Кеңес мүшелерінің қабылдап отырған шешімдеріне тең жауаптылығы қағидаттарына негізделеді.  

Кеңес құрамы ерікті негізде отставкадағы судьялардың, заң қоғамдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тең түрде құрылды.      Кеңес құрамына кәсіподақтардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, кәсіподақтар мен бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ардагерлер, белгілі қоғам қайраткерлері енгізуге рұқсат етіледі.Кеңес жетіден кем емес мүшеден тұрады.

Кеңестің құрамын тиісті бірлестіктердің (ұйымдардың) ұсынулары бойынша облыстық соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге бекітеді (қосымша сайлайды).Осындай тәртіппен Кеңес құрамын өзгерту жүзеге асырылады. Кеңес өзінің құрамын өзгертуге бастама жасауға құқылы.

 Кеңес мүшелері Кеңестің төрағасын және соттар әкімшісі қызметкері болып табылатын Кеңестің хатшысын сайлайды. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқылы емес.Кеңесті төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Кеңес мүшелерінің бірі орындайды.

Кеңестің құзыретіне судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін сипаттайтын объективті және ақиқат мәліметтер жинау, судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру және сапалы судьялар корпусын қалыптастыру туралы ұсыныстар енгізу, судья лауазымына кандидаттарды талқылау кезінде облыстық соттың жалпы отырысының (төралқасының) жұмысына Кеңес өкілінің қатысуы (кеңесші дауыс беру құқығымен),к еңес қызметі туралы жыл сайынғы ақпаратты дайындау кіреді.

Кеңес  құзыретті органдар мен ұйымдардан судья лауазымына кандидатты сипаттайтын тиісті материалдарды және оның моральдық-адамгершілік келбетін анықтауға мүмкіндік беретін өзге ақпаратты сұратуға, кандидат тағылымдамадан өту туралы өтінішті берген кезден бастап судья лауазымына кандидатқа қатысты арыздарды, шағымарды қарауға құқылы.

 Кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыс болып табылады.Кеңестің судья лауазымына кандидаттарды талқылау жөніндегі отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оларды төраға шақырады. Кеңес отырысының күн тәртібі Кеңес мүшелерінің ұсыныстары бойынша отырыс басталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей құрылады  және оны Кеңес отырысында бекітеді.Кеңес мүшелеріне отырыс күні туралы Кеңс хатшысы хабарлайды.Мәселені баяндамашы (бастама жасаушы) қажетті материалдарды дайындайды, оларды әрі қарай Кеңес мүшелеріне отырыс басталғанға дейін үш күн бұрын беру үшін хатшыға ұсынады.

Кеңес отырысы егер оның жұмысына Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысқан кезде заңды болады.Кеңес мүшелері күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылаған кезде тең құқықтарға ие болады.Кеңес отырысына шақырылған адамдардың қаралып отырған мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсынымдар, ұсыныстар мен ескертулер енгізуге құқығы бар.Кеңес шешімдері қорытындылар нысанында қабылданады.Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес судья лауазымына үміткердің моральдық қасиеттерін оң немесе теріс бағалау туралы, бағалау себептерін негіздей отырып, дәлелді пікір жасайды.

Талқыланып отырған мәселе бойынша қорытындыны Кеңес судьялыққа кандидат және өзге де мүдделі адамдар болмағанда қабылдайды және қатысушы адамдарға дереу жариялайды.Кеңес қорытындыларына оның төрағасы, хатшысы қол қояды және мәлімет үшін не талқылау үшін тиісті облыстық сотқа жіберіледі.Кеңес қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.  

Нұр-Сұлтан қаласының Соттармен өзара  іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес 2021 жылы  судялыққа үміткерлердің 7 отырысын өткізіп, 118 материалын қарады. Оның ішінде 110 үміткер оң қорытынды алып, 8 үміткерге теріс қорытынды берілді.Соттармен өзара  іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес 2022 жылы  судялыққа үміткерлердің 5 отырысын өткізіп 76 материалын қарады. Оның ішінде 64 үміткер оң қорытынды алып,12 үміткерге теріс қорытынды берілді.

«85 лет кафедре Педагогики и образовательного менеджмента: традиции, достижения и перспективы развития»

Согласно историческим источникам становления кафедры в Казахском национальном университете...

Қате аудармалар мұндалап тұр

Көзі ашық, көкірегі ояу адамның қазіргі заманға ашынуы дұрыс...

«Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі»

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, себебі ата-бабамыздан келе...

Пробация есебіндегі азаматтармен “Отбасы құндылықтарын сақтау” тақырыбында кездесу өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті Мақат аудандық пробация қызметі...

Қызылорда да қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі жазасын өтеушілер облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінің тәрбие...