«Қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі»

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, себебі ата-бабамыздан келе жатқан тілімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.Тіл- халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі.
Егемендігіміз мәңгі болып, баянды болсын десек туған тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, құрметтеуіміз қажет.
«Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады » деп ұлы ағартушы ақын Ахмет Байтұрсынұлы бабаларымыз да айтып кеткендей тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі.
Мәңгілік ел болуымыздың түп тамыры тереңде жатыр. Соның ішінде осы ана тіліміздің алатын орыны ерекше екенін ешкім жоққа шығара алмайды.
Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы. Тіліміздің тарихы – халқымыздың тарихының көрінісі. Тіл – халықтың жаны, мәдениетіміздің айнасы. Сондықтан шұбарланып кеткен тіліміздің мерейін өсіруімізге атсалысуымыз керек. Сонда ғана мемлекетіміздің мәртебесі өседі. Қоғамдағы өзгерістердің бәрі тілге, оның дамуына әсер етеді. Өйткені тілдің тағдыры сол тілде сөйлейтін, сол тілді қолданушы, сол тілді жасаушы ұлт, халық тағдырымен тамырласып жатады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн» деген болатын. Демек тілді дамытып, оның қолданылу аясын кеңейтіп жұмыс істеуде жауапкершілік жүгі жатырғанын әр адам саналы түрде түсіну қажет.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын одан әрі кеңейту мақсатында сот саласы қызметкерлерінің іс қағаздары толық қазақ тілінде жүргізіліп келе жатырғанына да бірнеше жыл болды. Заманымыздың бір туар тұлғасы Әбіш Кекілбаев «Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл» деген болатын.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерді және бюджеттік қызметкерлерін қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында Соттар әкімшісі мен жергілікті соттардың қызметкерлері арнайы семинар сабақтарына қатысып, процессуалдық іс жүргізуді қазақ және орыс тілінде жүргізу жөнінде сабақтар алып, өз тілдерін арттырып, сертификаттар алуда.
Тілдің ертеңіне сенімді нығайтуда отырыстар мен алқалы жиындар, іс-шаралар ұйымдастыру міндетті. Жиналыс хаттамалары тек мемлекеттік тілде дайындағанда ғана мемлекеттік тілдің мәртебесін сақтай аламыз.
Қазақстандағы барлық халықтардың тілі мемлекеттік тіл ретінде қалыптасса, осы бетбұрысты ұстанған қоғамдық іс-шаралар жемісті жұмыс істегенде ғана оң нәтижеге бермек.
Бүгінде әр азамат тілдің – үш тұғырлығын дамытып, тілдің беделін арттыруға үлес қосуы міндетті.
Рухани құндылығымыздың алтын діңгегі. Мемлекеттік тілдің тағдыры жаны қазақ азаматтарды алаңдатпай қоймайды.
«Ел сөйлесе бір тілде, сен де сөйле, іркілме»- деген Қадыр Мырза Әлінің орамды сөздерін ойға ала отырып, қалың елім қазағыма айтарым мемлекеттік тілді өркендетуде өз үлесімізді қосуда аянбай еңбек етейік дегім келеді.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы А.Баймахан

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...