Қазақстанда қанша дизель отыны мен бензин қоры бар?

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы бензин мен дизель отынының қоры туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, 22 тамыздағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 маркалы бензиннің жалпы қоры — 180 мың тонна, бұл 14 күндік қажеттілікті өтейді. Дизель отынының қоры — 220,8 мың тонна, бұл 13 күнге жетеді.

«Мұнай өңдеу зауыттарындағы қорлар: АИ-92 — 71 мың тонна; дизель отыны — 53,4 мың тонна. АИ-92 бензиніне қатысты жағдай тұрақты, жанар-жағармай құю станциясы желілерінде шектеулер жоқ», — деді министр.

Дизель отынына келсек, Ақшолақовтың айтуынша, жанармай сатуда шектеулер бар — талондар мен карточкалар арқылы жеткізуге көшу, лимит белгілеу.

«Қазіргі уақытта зауыттар жанар-жағармайды жеткілікті көлемде өндіреді. Зауыттағы қор шамамен 50 мың тонна болады, алайда зауыттан мұнай өнімдерін жөнелту тұрақсыз, бос вагон-цистерналар жеткілікті мөлшерде жеткізілмейді, вагондарды жеткізу мерзімі ұлғайған», — деді энергетика министрі.

Министрдің айтуынша, логистикалық тізбектің барлық буынының — мұнай өңдеу зауыттарының, «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», сондай-ақ мемлекеттік органдардың жақсы үйлестірілген жұмысы қажет.

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

В настоящее время одной из главных угроз, препятствующих развитию...

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің өркендеуіне, экономикалық тұрақтылығы мен...

Управление водными ресурсами

В вопросах международной политики Казахстана приоритет отдается сотрудничеству в...

Административный надзор

Для предупреждения совершения лицами, освобожденными из мест лишения свободы,...

Риски принятия наследства

Почему вместе с имуществом могут перейти и долги  КОГДА ЧЕЛОВЕК...