Алматы мектептерінде қанша бейнебақылау камерасы орнатылған?

Алматы қалалық білім басқармасы өкілдері мектептердегі камералар мен қауіпсіздік шаралары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Алматының Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубайға мектептердегі камералар саны, олардың полиция желісіне қосылуы және кәсіби қауіпсіздіктің бар-жоғы туралы сұрақ қойылды.

Басқарма басшысының орынбасары қалада 301 мектеп бар екенін айтты. Оларда 4 690 камера орнатылған — ғимараттардың сыртында және ішінде шамамен бірдей. Бұл ретте Алматы полициясының Жедел басқару орталығы жүйесіне небәрі 306 камера қосылған, сонымен қатар мектептерде 374 дабыл батырмасы және 37 турникет бар.

«297 орта білім беру ұйымында күзет бар, қалғандарында мамандандырылған ұйымдар қызметін сатып алу мәселесі пысықталып жатыр, ол жыл аяғына дейін шешіледі, ол қаржыландыруға байланысты», — деді Айдын Сайлаубай.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...