Түркістанда ұлттық жоба сотталған азаматшаның өз кәсібін ашуына түрткі болды.
Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған жастардың ЖОО-да білім алудың тиімділігін түсіндіру шарасына қатыстырды.
Түркістан қаласында «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында студенттерді қажетті мағлұматпен ақпараттандырды.
Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығы мен Түркістан қаласы «Халықты жұмыспен қамту» орталығының ұйымдастыруымен «Фараб» кітапханасында «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында студенттерге ақпарат беру жұмыстары жүргізілді.
Өткен жылдың қазан айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі — Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр.
Түркістан қаласының «Халықты жұмыспен қамту» орталығы қала жастарына арналған жиында кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту жобалары мен оқыту шаралары туралы айтты. Қала жастарына, пробация бөлімінде есепте тұрған азаматтарға, бітіруші түлектерге, студенттерге, 29 жастан аспаған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жұмысы жоқ адамдарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары жайлы мәлімет берді, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспектор-психологі әділет капитаны Ақмарал Бекбай.
Сондай-ақ жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға микрокредиттер мен гранттар беріледі. Қалалық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар арасында өзінің кәсібін дөңгелетіп жүргендер бар. Пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталғандар да өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, көңілге қонымды жауап алды. Мамандардың кеңесінен әсер алған Балзия келешекте өзінің кәсібін ашқысы келетінін жасырмады.
Мен бүгінгі шарада көптеген мағлұмат алдым. Өз кәсібімді ашудың тиімді жолдары жайында естідім. Алдағы уақытта курсты оқып бітіргенен кейін өз кәсібімді ашамын деген ойым бар. Менің түзелу жолына түсуіме мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғысым шексіз, — деді пробация қызметінде тіркеуде тұрған Балзия.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы