Украинада депутаттар мен мемлекеттік қызметшілерге бір апта жұмысқа келмеу ұсынылды

Киевтің үкімет кварталында орналасқан мекеме қызметкерлеріне 22-26 тамыз аралығында қашықтан жұмыс істеу ұсынылды. Бұл туралы ел парламенті мен үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап «Украинская правда» басылымы жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Киевтің үкімет кварталында парламент, президент кеңсесі, үкімет, Украина Ұлттық банкі және т.б. ғимараттар орналасқан.

Келесі аптада Украина Ту күні мен Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Осыған байланысты Киевтегі барлық кездесу мен іс-шара тоқтатылады, деп жазады ТСН басылымы.

«Украинская правда» басылымына дереккөз берген ақпарат бойынша, бұл күндері Украинаның мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне үкімет кварталына «мүмкіндігінше келмеуге» кеңес беріледі.
 
Жоғарғы Раданың қашықтан жұмыс істеуі туралы шешімі қабылданып қойған және халықаралық делегациялармен жұмыс істейтін және келесі отырыстарға дайындыққа қатысатын мамандарға ғана қатысты емес екені атап өтілді.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей келесі аптада «ерекше қатыгез әрекеттерге» баруы мүмкін екенін айтты.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...