Кәріз құдығынан кішкентай баланы құтқарған кім екені белгілі болды

Ол Арман Аманжолов. Арман бізге оқиға қалай болғанын айтып берді. Арал ауданы Бөген ауылында 2007 дүниеге келген. Бес ағайынды алдында екі тәтесі, екі ағасы бар. Әкесі Жаңалық жұмыссыз, анасы Майра мектеп асханасында істейді екен.

Қызылорда қаласына оқуға құжат тапсыруға келіпті.

— Ол бала 2 жарым жаста анасының алдына түсіп зырғып бара жатты. Мен телефоннан әуен тыңдап келе жатқанмын. Кенет анасының жан даусы шықты. Қарасам екі аяғымен кәріз құдығына түсіп кетіпті. Бар ойым құтқару болды. Құдыққа түстім. Сол сәтте денелі бір аға жүгіріп келді. Ол бірінші баланы алды. Кейін мені шығарды. Балшық, сасық су екенін шыққан соң білдім, — дейді ол.

Арман қазір қоғамға нағыз қажет электрик мамандығын таңдаған. М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне» құжаттарын өткізіпті. Қорытындысын күтіп жүр. Көп балалы отбасынан шыққан батыр жігіт әлі оқу құралдарын алып, студенттік өмірге дайындалмапты. Көп балалы отбасынынан шыққан соң мүмкіндік болмай тұрған көрінеді.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

Тимур Турлов: «Мы — нация технооптимистов и предпринимателей»

Провёл прекрасное воскресенье в Алматы по дороге из Японии...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі: құқықтық мәртебесі мен басымдылығы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің құқықтық мәртебесі,...

ТӨРЕЛІК ЕТКЕН ТУРА БИ: МҰРАТ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫНЫҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛЫ

Абыройлы доғарыстағы судья, сот саласының сыйлы ардагері Мұрат Жақыпбеков...

Кассациялық сот – маңызды реформа

Кассациялық сот – соттардың заңды дұрыс қолдануын тексеретін жоғарғы...