12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жанділдә ЖАҚЫПОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қаласы бойынша медиаторлық кеңестің басшысы: «ҚОҒАМДЫҚ МЕДИАТОРЛАРДЫҢ БАҒАСЫ АРТТЫ»

– Жанділдә Әжіғалиұлы, еліміздегі медиация институтының дамуында ҚХА медиаторлық кеңестерінің рөлі қандай?

– Биыл еліміздегі Медиация институтына 11 жыл толып отыр. Бәрімізге белгілі, кәсіби медиаторлармен жұмыс жасайтын сексеннен аса ұйым бар. Сол ұйымдардағы кәсіби медиаторлар реестрінде 4 мыңға жуық кәсіби медиаторлар бар. Мен сол ұйымдардың бірін басқарып отырмын, сонымен қатар Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясындағы медиаторлық кеңестің басшысы ретінде сайланғаныма бірнеше жыл болды. Этносаралық ұйым басшылары мен олардың ішіндегі қоғамдық медиаторлардан тұратын Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қаласындағы кеңесі еліміздегі аумақаралық белсенділік танытып жүрген орталықтардың бірі. Егер бүгінгі күні республикамыз бойынша 2 мыңға жуық қоғамдық медиатор болса, соның 50-ге жуығы Алматыда.

– ҚХА Медиаторлық кеңестерінің жұмысына кеңірек тоқталып өтсеңіз?

– ҚХА-ның Алматы қаласы бойынша медиаторлық кеңесінде бүгінге дейін түрлі деңгейдегі мыңғы жуық шаралар өткізілді. Қалада медиация кабинеттері Достық үйінен бастап, аудандық соттарда, аудандардың әкімшілік ғимараты мен аудан әкімдері аппаратының азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімдерінде де ашылған. Осы кабинеттердің көмегі өте зор. Оларда дау-дамайлар бойынша жүгінген тұлғаларға медиаторлар тиісті көмегін беріп, істері сотқа жетпей тұрып немесе соттан тыс, сонымен қатар сот шешімі бола тұра орындау өндірісі кезінде де медиация рәсімі өткізіледі. Егер нақты статистикаға сүйенсек, соңғы уақытта сотқа дейінгі келіспеушіліктердің басым көпшілігі қоғамдық медиаторлардың көмегімен реттеліп отыр. Ол сотқа берілген істердің 5-7 пайызы десем қателеспеспін. Бұл көрсеткіш Алматы қаласында да ұқсас.

– Қоғамдық медиаторлардың жұмысы қаншалықты заңмен реттелген?

– Қоғамдық медиатор, енді басталып келе жатқан дауды ары қарай ушықтырмай реттеуге көмек беріп, оны тоқтата алады. «Бәрін айт та, бірін айт» демекші, осы арада біздің қоғамымыздағы шешілмеген сұрақтарға да тоқтала кетейін. Өз басым 2020 жылдың басынан бастап заңнамаларымызға соттан тыс дауларды реттеуде толықтырулар мен өзгерістер енгізуге байланысты Парламент Сенаты мен Мәжілісінде құрылған жұмыс топтарында болдым. Бұл заң 2021 жылы желтоқсан айында жарық көрді. Ондағы өзгерістердің бірі бұрынғы «кәсіби емес медиатор» деген атау «қоғамдық медиаторға» ауыстырылды. Алайда, күні бүгінге дейін осы тұлғаларды арнайы дайындықтан өткізу қарастырылмағандықтан көптеген қиындықтар болып жатады. Кәсіби медиатор 12-13 құжат толтырады. Басқа бөлімді есептемегенде оның өзі бір жатқан құзыреттілік. Яғни, медиаторлардың қызметінің қыр-сырлары жеткілікті. Алайда, бізде қоғамдық медиаторлар үшін арнайы оқу курстары қарастырылмаған. Мені осы қатты ойландарады.

– Естуімізше медиатор ретінде этносаралық дауға ұласа жаздаған күрделі істерге араласқан кездеріңіз аз болмапты. Бұл бағыттағы өз тәжірибеңізбен бөлісе кетсеңіз?

– Жеке өз басым өткізген мыңнан аса медиация рәсіміне қатысушылардың шамамен 30-40 пайызы түрлі ұлт өкілдері болды. Бірақ олардың бәрін «этносаралық дау» деп айтуға болмайды. Себебі, олар тұлғалар. Әрине мен өткізген медиация рәсімдерінің ішінде этносаралық қақтығысқа дейін ұласа жаздаған даулар болды. Мысалы, бірде жол апатынан көп балалы, басқа ұлт өкілі дүниеден озады. Көлік тізгінінде отырған қазақ жігіті екен. Қайтыс болған адамның ауылдастары бұл үшін барлық қазақтардың үйін өртейміз деген ойлары болған екен. Үш жарым сағатқа созылған келіссөз кезінде, бұл мәселе бейбіт жолмен реттелді. Ал тағы бір дауда қақтығыс кезінде басқа ұлт өкілі өмірден өтіп, қайтыс болған баланың достары алаңға шығып, «қимылға» дайындалып жатқанда, біз екі медиатор болып барып сол дауды реттеуге қатыстық. Онда кәсібімізге байланысты барлық амал-тәсілдерімізді қолдана отыра, ол қақтығысқа да «нүкте» қойдық. Айта берсем, менім тәжірибемде осындай жағдайлар өте көп. Дегенмен, өз басым «тап-таза түрде этносаралық, ұлтаралық қақтығыстар жоқ» деп санайтын, сонымен бірге «осындай жағдайларды кей адамдар өз пайдаларына бұрмалайды» дейтіндерге толығымен қосыламын. Қандай дау болмасын, қатысушылар – адам баласы. Сондықтан, олардың әрқайсысына сөйлескенде медиаторлық құзыреттілікті қолдана отыра көмектесуге болады. Енді бір мәселе, медиация рәсімін «татуластыру рәсімімен» теңестіргенге мен келіспеймін. Бұл – медиатордың көмегімен өтетін медиация рәсімі. Ия, оннан бір бөлігі татуласады, ал шынында олар өзара, өздеріне керек тиімді жолмен, өздері ғана, құпия түрде шешеді. Медиатор кеңес беруге де құқылы емес. Бізді шет елдерде «үндемес сарапшы» дейтіні бекер емес. Мен Кеңес Одағы кезінде Ресейде тергеу изоляторы қызметкері болдым. Сонда менімен бір Әзірбайжан елінің жігіті, таулы Қарабах елінде әке-шешесі тұратын ұлты армян қызметкері де болатын. Бәріміз қызметте әріптес, доспыз. Сонда, жыл сайын (өткен ғасырдың 90-жылдары) армян досымыз еңбек демалысы кезінде Қарабахқа әзірбайжандармен соғысуға кетеді. Еңбек демалысы бітіп, Қарабахтан Саратов қаласына қайтып келгенде, әзірбайжан досымызбен бірге құшақ жайып қарсы аламыз. Бір келгенде, армян досымыз тап-тақыр боп қырылған шашы мен шекесіндегі үлдіреп тұрған терісін көрсетіп әзірбайжан досымызға: «Ей, досым қарашы сенің әзірбайжандарың бір миллиметрге қателесті, әйтпегенде мен қайтпас едім…», деп қарқылдап күледі. Міне осы жайттың өзі, этносаралық даудың жоқтығына нақты мысал бола алады.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.