12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандықтардың 1 пайызынан астамы аштықты сезінеді

Ақшаның жоқтығынан бір күн бойы тамақсыз жүруге мәжбүр болған қазақстандықтардың үлесі 1,3 пайызға дейін өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросы наурызда жүргізген «Халықтың өмір сүру сапасы» зерттеуінің нәтижесі бойынша ақшаның аздығынан азық-түлік жетпей қалады деп қорқатын респонденттер үлесі 5,7 пайыз болған. Өткен жылдармен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген (2021 жылы — 6,6 пайыз, 2019 жылы — 7,1 пайыз). Сонымен қатар, бұл сұраққа жауап беруге қиналғандар үлесі бір жылда 3-тен 4 пайызға дейін өскен.

Сонымен қатар, кейінгі бір жылда ақша тапшылығына байланысты бір күн бойы тамақсыз жүруге мәжбүр болған респонденттер үлесі бір жылда 0,5-тен 1,3 пайызға дейін өскен. Респонденттердің тағы 2,6 пайызы жауап беруге қиналған.

Қалада ауылдық жерлерге қарағанда (5,9 пайыз) азық-түлікке қаражат тапшылығы көбірек алаңдатады. Оған әйелдер көбірек алаңдайды — 6,2 пайыз.

Қызметкерлер арасында респонденттердің 5,5 пайызы ақшаның немесе басқа ресурстардың жетіспеуіне байланысты азық-түлік тапшылығына алаңдайды, ал жұмыссыздар арасында — әрбір оныншы респондент.

Қаржы тапшылығынан аштықты сезгендер арасында жұмыссыздар басым — 4,1 пайыз. Жас тобы бойынша 39 бен 48 жас аралығында — жоғары.

Биылғы маусым қорытындысы бойынша, азық-түлік бағасы бір айда 1,9 пайызға өссе, жыл басынан бері бірден 15,7 пайызға қымбаттаған. 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда азық-түлік бағасы бірден 19,2 пайызға өскен.

Защита детей от киберугроз

В современном мире интернет стал неотъемлемой частью жизни детей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...

Институт следственных судей: история возникновения и развитие

В своем Послании народу Казахстана от 16.03.2022 года «Новый...

Реализация договоренностей ШОС

Премьер-Министр Республики Казахстан Олжас Бектенов принял участие в 23-м...