Петропавлда әлеуметтік желіде аңдамай сөйлеген ерлі-зайыпты бес жылға сотталды

Петропавл қалалық соты интернет арқылы экстремистік мәлімдеме таратты деп айыпталған ерлі-зайыптыға үкім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Liter.kz басылымына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 180-бабы 2-бөлігі «Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер» бойынша қаралған.

Сот мәліметінше, ерлі-зайыпты Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық тұтастығы туралы пікірталасқа белсене қатысқан.

«2022 жылғы 11 желтоқсанда ерлі-зайыпты телекоммуникация құралдарын пайдаланып, «Чат Рулетка» қосымшасында мәлімдемесі Қазақстан Республикасының біртұтастығын бұзуды насихаттайтынын түсіне тұра, Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясына қосылуын жақтамайтын басқа тұлғаға ашық түрде Қазақстан Республикасының біртұтастығын сақтау тұрғысынан саяси және әлеуметтік тәуекелдерге әкеп соғатын қоғамдық қауіпті мәлімдемелер жасаған», — делінген сот мәлімдемесінде.

Сотталушылар кінәсін жоққа шығарғанымен, сот оны толықтай дәлелденген деп тапты. Сот ерлі-зайыптыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...