Министрлік еліміздегі жол жағдайы нашар өңірлерді атады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол жағдайы нашар өңірлерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Тізімде көшті Шымкент, Маңғыстау облысы, Алматы, еліміздің шығыс және батыс облыстары, сондай-ақ Түркістан қаласы бастады. Мұнда жолдардың 70 пайызы тиісті стандартқа сай емес.

Бірақ, ескертулерге қарамастан, тұтынушылар нысандарды пайдалануға қабылдауды жалғастыруда.

Министрлік кепілдік мерзімінде орын алған ақаулар үшін ұйымдардың жауапкершілігін күшейтіп, «кілтті» келісім-шарт жүйесін енгізуді көздеп отыр.

“Егер біз мұның бәрін бір қатысушыға кілтті келісімшарт негізінде тапсырсақ, онда ол жолды кейіннен нормативтік тәртіпте ұстау, жоғары сапалы материалдарды пайдалану, жаңа технологияларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету шығындарын азайту үшін дұрыс дизайнға қызығушылық танытады”,- деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...