Косово серб құжаттарына тыйым салу мерзімін кейінге шегерді

Косово билігі ЕО және АҚШ елшілерімен кеңескеннен кейін серб құжаттарына тыйым салу процедурасын 1 қыркүйекке шегерді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS агенттігіне сілтеме жасап.

Аймақтың солтүстігіндегі наразылық шерушілер тосқауылдарды бұзуға, жолдарда толық еркін қозғалысты қамтамасыз етуге шақырылып, аймақтағы жағдайдың ушығуына Сербия билігін айыптады.

Өз кезегінде НАТО-ның «Косово үшін күштер» миссиясының (KFOR) өкілдігі тараптар арасындағы келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Косовоның солтүстік муниципалитеттеріндегі жалпы қауіпсіздік жағдайы шиеленісіп жатыр. НАТО жетекшілік ететін KFOR миссиясы жағдайды мұқият бақылап отыр және [аймақтағы] тұрақтылыққа қауіп төнген жағдайда араласуға дайын», — делінген Twitter-де жарияланған KFOR коммюникесінде.

Еске салайық, жексенбіде Сербия президенті Александр Вучич Косово полициясы түн ортасында сербтерге қарсы әскери операция бастайтынын мәлімдеген болатын. 1 тамыздан бастап серб құжаттары Косовода өз күшін тоқтатуы керек болған.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...