Жазасы ауыстырылды

Қызылордада қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде 2 сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылуына байланысты, «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында азаматтарды шығарып салу шарасы өтті.

Шараға қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны С.Спанов, Қызылорда қалалық оңалту орталығының психолог маманы З.Бисекова, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Ә.Жақсылық және ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Жоба аясында мамандар бұл азаматтарға босатылғаннан кейінгі сотталғанның тұрмыстық және жұмысқа орналасу жөніндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Одан соң, босатылған соң жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берді.

Босатылған азаматтармен одан әрі олардың тұрғылықты мекенжайына байланысты пробация есебіне қойылып, олармен пробация қызметкерлері жұмыс жүргізеді.
«Бүгін мен үшін қуанышты күн. Өйткені отбасыма, балаларыма оралғалы тұрмын. Мекемеде жазамды өтей жүріп, бостандықтың қадірін түсіндім. Ендігі жерде балаларыма дұрыс тәрбие беріп, жақсы азамат етіп шығаруға бар күшімді саламын. Бүгінгі шарадан сала мамандарынан ақпарат алдым, жұмысқа орналасу , әлеуметтік –құқықтық көмектер алу үшін қай жерге баруға болатынын білдім. Мекеме қызметкерлері мен қажетті ақпарат берген мамандарға алғысым шексіз», деді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...