Қоғамдағы мәселенің бірі – дін саласында зардап шеккен адамдарды оңалту болу болып табылады.
Сондықтан дін саласының білікті мамандары ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізеді.
Осы орайда. ЗК-169/1 тергеу изоляторына ҚР АҚДМ Дін істері комитеті аясында Республикалық ақпараттық –түсіндіру тобының мүшесі, Алматы қаласы Дінтану орталығы директорының орынбасары,дінтану ғылымдарының РҺD докторы Шығарбай Алмасбек Дүйсенбекұлы мен Қызылорда облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ аға теолог маманы Оспанов Бақтияр келіп, экстремизм және тероризм баптары бойынша сотталған азаматтарымен сүхбат өткізді.
Темір торға тоғытылғандармен білікті мамандар,ерікті сұхбат түрінде әңгімелесті.
Сұхбат барысында сотталғандармен Қазақстан тарихы, Кенесары ханның ұлтжандылыққа баулу мақсатындағы ерліктері,қазақ даласындағы мешіт, медреселердің орны, жиһад ұғымы, және Кенесарының жиһады т.б тақырыптар төңірегінде баяндап берді.
- Біздің мақсатымыз – терроризм мен діни экстремизм идеялары мен деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетінің алдын алу және әртүрлі діни көзқарастағы сотталғандарға теологиялық кеңес беру, түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізу. Оңалту жұмыстары барысында өз қағынан жерініп, өзінің дәстүрлі мәдениетін жатсынып, салтын жатырқағандарға дініміз мен дәстүріміздің арасы сәулелі сабақтастық бар екенін түсіндірдік. Адасушы ағымдар жетегіне көбіне білімі таяз адамдар ілігуде. Сондықтан біз олардың тарихи танымын арттыру бағытында да біраз мағлұматтар айтып жеткіздік- деді, дінтану ғылымдарының РҺD докторы Шығарбай Алмасбек Дүйсенбекұлы