12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫ: ҮМІТ ПЕН КҮДІК

Мәдениет және спорт министрі Ұлттық Олимпиада комитеті, спорт федерацияларының басшылары мен мемлекеттік жаттықтырушылардың қатысуымен 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиадаға дайындық мәселелерін пысықтады.

– Төртжылдықтың басты додасына осы жиыннан бастап қызу дайындалуымыз қажет. Бұған дейін кадрлық, бюрократиялық барлық мәселені шештік деп ойлаймын. Бірақ, бізді одан да үлкен, жауапты жұмыстар күтіп тұр. Париж Олимпиадасы – кәсіби дайындығымыздың көрсеткіші болмақ. Әр жақсы нәтижеге федерация басшылары, жаттықтырушылар, бапкерлер, тиісті сала мамандары жеке-жеке жауаптымыз. Токио мен Пекин ойындары спортшыларымыздың дайындығына қатысты мәселенің күрделеніп кеткенін көрсетті. Олардың кейбірі, тіпті Лиллехаммердегі, Атлантадағы ойындардан бері келе жатқанын байқауға болады. Францияда сол олқылықтардың барлығын түзеуіміз қажет, – деген Дәурен Абаевтың сөзіне қарағанда спортшыларды даярлау жүйесінде түйіткілді мәселелерді шешу мақсатында Үкімет тарапынан спорттық инфрақұрылымды дамытудың жоспар-кестесі әзірленген. Биыл Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Өйткені, еліміздегі 25 жеңіл атлетикалық манеждің бірнешеуі ғана жалпы талапқа сай болса, 367 жүзу бассейнінің тек екеуінде халықаралық талаптарды ескере отырып жарыстарды өткізуге болады. Қазіргі таңда елімізде 13 700 жаттықтырушы жұмыс істейді. Алайда, олардың 4% ғана жыл сайын біліктілікті арттыру курсынан өтіп жүр. Кейбір федерациялар, тіпті, жаттықтырушыларды аттестаттау бойынша жұмыс жүргізбейді. Сондықтан федерациялар осы бағыттағы жұмысты жандандыруы қажет. «2022 жылғы 1 шілдеден 2024 жылға дейін спорт төрешілерінің жұмысына ақы төлеу кезең-кезеңімен 100% артады. Спорт саласында төрешілерге ақы жарыстың әр күні үшін төленеді. Биыл ақы көлемі 2600 теңгеден 8000 теңгеге дейін, ал 2023 жылы – 13 мың теңгеге дейін, 2024 жылы – 17 мың теңгеге дейін көбейетін болады. Бұдан басқа, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарын дайындаған жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету мөлшері 24 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Яғни, олар енді ай сайын орташа есеппен 73 мың теңге емес, 318 мың теңге алып отыратын болады», – деді Мәдениет және спорт министрі. Сондай-ақ, дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми ұйымдар жоқтығын мойындаған Д.Абаев отандық спорттың ғылыми медициналық базасын нығайту жағын да қозғады. 20 адамнан тұратын жалғыз Республикалық талдау орталығының мәртебесін нығайтып, қызметкерлердің жалақысын көтеру жұмысы басталған. Бұл орталық мүдделі органдармен бірлесе отырып, спортшылардың физиологиялық жай-күйін, медициналық қамтамасыз етілуін, жарақаттану дәрежесін және т.б. ескере отырып, спортшылардың өнер көрсету нәтижелерін талдау негізінде элиталық спорт түрлерін дамытумен айналысатын болады. Сондай-ақ, спорт дәрігерлерінің жалақысын арттыру, мамандарды шақыру, заманауи құрал-жабдықтарды сатып алу, спортшылардың тамақтану стандарттарын арттыру, фармокологиялық қамтамасыз ету тізбесін жаңарту бөлігінде жұмыс істеп тұрған Спорттық медицина және оңалту орталығын жаңғырту да басталған көрінеді. Кеңес қорытындысы бойынша федерацияларға олимпиадалық циклге арналған кешенді-мақсатты бағдарламаны және дене шынықтыру-спорт ұйымдарына спорт түрлері бойынша даярлық бағдарламасын әзірлеп, бекітуді тапсырған Дәурен Абаевтың тапсырмасы қаншалықты нәтижелі орындаларына әзірге ешкім кепілдік бере алмайды.

Өйткені, әрбір Олимпиада ойынынан кейін федерациялар мен бас бапкерлердің есебі тыңдалғанымен, оның қорытындысын ғылыми тұрғыдан талдап, сараптайтын орталық әлі күнге құрылған жоқ. Сондай-ақ, Үкімет құрамындағы өзгерістер кезінде де ешкім өзіне дейінгі министрдің берген уәдесі мен бастаған ісін жалғастыруға кепілдік бермейді. Яғни, министрдің сөзі әлі де көңілдегі үмітті оятып, күдікті жоя алмайды.

МАМАН ПІКІРІ

Бауыржан ДОСҚАРАЕВ, педагогика ғылымдарының докторы, спорт сарапшысы:

– Маман дайындаудың классификаторында бапкер деген болу керек. Бізде қазір бұл жоқ. Оны дұрыстап алмай тұрып, министрдің олимпиадаға дайындыққа қажетті мәселелерді шештік деуі көңілге үміттен гөрі күдік ұялатып отыр. Федерация деген қоғамдық ұйым, олар кадр дайындамайды, қалай олар жаттықтырушыларды қайта даярламақ? Спорт мамандарын дайындаудағы жалпы бағдарлама аясында барлық жоғары оқу орны бапкер емес, оқытушы дайындайды. Қазіргі бапкерлер өз тәжірибесімен ғана шәкірт баптайды. Бізде спорттық ақпараттандыру деген мүлде жоқ. Бәрі талдауға негізделуі керек. Көп жаттықсаң, оның пайдасы көбірек деген түсінік қазір ескірді. Қазір спортшыны дайындауда жүктемені көбейтумен емес, ғылымға сүйену арқылы ғана нәтижеге жетуге болады. Токио Олимпиадасы қарсаңында қазіргі құрамада алтын медаль алатын спортшы жоқ дегенім есіңізде шығар. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс болғанын өзіңіз де көрдіңіз. Яғни, ғылымсыз, сараптамалық талдаусыз біз жалаң ұранмен алысқа ұзамаймыз. Дүниежүзі әлдеқашан клубтық жүйеге көшкен. Біз әлі оны түсіне алмай жүрміз. Сөз көп, нақты іс жоқ. Бұл бағытта біз дамыған елдерден 30-40 жылға артта қалдық.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Новый закон – шаг к прозрачности

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОДПИСАЛ ЗАКОН, ВНОСЯЩИЙ СУЩЕСТВЕННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ В РЯД НОРМАТИВНЫХ АКТОВ, ВКЛЮЧАЯ ЗАПРЕТ НА НОШЕНИЕ ПРЕДМЕТОВ ОДЕЖДЫ, ЗАКРЫВАЮЩИХ ЛИЦО, В ОБЩЕСТВЕННЫХ МЕСТАХ. ИНИЦИАТИВА ВЫЗВАЛА ШИРОКУЮ ОБЩЕСТВЕННУЮ ДИСКУССИЮ СРЕДИ ЭКСПЕРТОВ, ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА И РЕЛИГИОЗНЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ.

Елімізде ағаштарға келтірілген залал үшін өтемақы мөлшері артты

Қазақстанда ағаштарды жойғаны үшін өтемақының жаңа мөлшері бекітілді. Енді кейбір ағаш түрлерін заңсыз кескеніңіз, бүлдіргеніңіз немесе жинағаныңыз үшін бір ағашқа 314 560 теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін.

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды. ҚМДБ жаңа өзгеріске байланысты мәлімдеме жасады.

Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – БІР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ ЕМЕС

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жуырда Алматы облысының Қонаев қаласында кезекті форумын өткізді. Ұйым нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм жəне ысырапшылдық сияқты əлеуметтік кеселдердің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында «Салауатты сана» жобасын əзірлеген болатын.