Сотталғандарға құқықтық көмек

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандармен Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокатымен сотталғандарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында сотталғандар тарапынан адвокатқа өздерінің қылмыстық, азаматтық істері, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққаннан кейін үкім бойынша келтірілген залалды өндіру мерзімдері бойынша көптеген сұрақтар қойылды.

Қойылған сұрақтарға Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты кеңінен құқықтық түсінік берді.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...