12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жас архившілерге арналған V Жазғы мектеп өтті

2017 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті бірлесе отырып жас архившілерге арналған Жазғы мектеп ұйымдастырады. Биылғы V Жазғы мектеп «Цифрлық трансформация жағдайындағы ұлттық архивтік заңнамалар» тақырыбында болды. 15-17 маусым аралығында өткен шараға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстаннан 400-ге жуық архивші қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жас архившілердің біліктілігін арттыру, жаңа технологиялар мен архив жұмысындағы заманауи әдістермен танысу, архив саласындағы халықаралық қатынастарды дамыту, өзара тәжірибе алмасу.

Жазғы мектептің ашылу салтанатында Президент Архивінің директоры Әлия Мұстафина, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті Ефим Пивовар, Өзбекстан Республикасы «Өзархив» агенттігінің директоры Ұлықбек Юсупов, Беларусь архив ісі және құжаттану ғылыми-зерттеу институтының директоры Андрей Рыбаков форум қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі. ҚР Президенті Архивінің директоры Әлия Мұстафина Жазғы мектепке жыл сайын тілек білдірушілердің саны артып келе жатқандығын атап өтті. «Егер 2017 жылы 49 адам қатысса, өткен жылы 276, биыл 380 өтініш келіп түсті. Бұл жас мамандардың көп бөлігі кәсіби біліктілігін арттыруға мүдделі екенін білдіреді», — деп атап өтті Әлия Құсайынқызы.

Үш күнге жалғасқан тренингте дәрістерді ресейлік Михаил Ларин, Павел Кюнг, Лада Афанасьева, Николай Цыремпилов, белоруссиялық Андрей Рыбаков, өзбекстандық Анваржон Алиев, оңтүстік кореялық Мун Хён Сук, қытайлық Лю ЮэНань мен моңғолиялық Баянбилэг Амаржавтан және қазақстандық Марс Ғаббасов және Гүлнар Мұқажанова оқыды.

Шараның соңғы күні қатысушыларға Шымбұлақ төрінде сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылар Ұйымдастырушылар 2023 жылы өтетін VI Жазғы мектеп дәстүрлі форматта өтетініне сенім білдіріп, жас архившілерді келесі жылы да өзара тәжірибе алмасуға, білімдерін толықтыруға шақырды.

Дайана Тоқбергенова,

ҚР Президенті Архивінің қоғаммен байланыс маманы

Сотталған азаматтарға салт-дәстүрдің шығу тарихы түсіндірілді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Сотталғандар диктант жазды

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, Қызылорда...

№37 мекемесінде дәстүрлі түрде ең жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі

Жыл сайын Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты...

1 мамыр — Қазақстан халқы бірлігі күніне шығармашылық сайыс өтті

Халықаралық достық күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті...