200-ге жуық үндістандық студент Украинадан Қазақстанға ауысуы мүмкін

Үндістан үкіметі Украинаның медициналық жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттерін Қазақстанға көшіру туралы өтініш жасады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Үндістан үкіметі бізге ресми түрде өтініш жолдады. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер министрі келді. Украинадағы 20 мыңнан астам үнді студенттері далада қалған, енді олар бізден көмек сұрап отыр. Негізі, біздің медициналық университеттеріміз көмектесуге дайын, шамамен 200 студентті қабылдай алады. Шетелдіктер оқу ақысын өздері төлейді», — деді Ғиният.

Сонымен қатар, ол шетелдік студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі көтерілетінін айтты.

Сот үкімінің әділдігі: теориялық және практикалық аспектілер

Сот үкімі – сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі актілерінің...

Алматыда «Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу» жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр

Басқосуда сала ғалымдары жобаның артықшылықтарын ғылыми түрде зерделегендерін алға...

Мемлекеттік тілде сот актілерін әзірлеу сапасы

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және құқықтық...