2022 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті 

2022 жылғы 14 маусымда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, келесі қаулылар қабылданды:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Ө. Исабаевтың өкілеттігін тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Б.Ө. Исабаевтуралы» 2022 жылғы 11 маусымдағы № 921 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Әбдіғалиұлының өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Б. Әбдіғалиұлын тағайындау туралы» 2022 жылғы 11 маусымдағы № 914 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Б. Әбдіғалиұлының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.

3. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Нұрбектің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы  3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «С. Нұрбекті тағайындау туралы» 2022 жылғы 11 маусымдағы № 919 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. С. Нұрбектің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...