Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Шоранов ректор болды

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ге жаңа ректор тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ басқармасына жаңа ректор тағайындалды. ҚазҰМУ-ды бұдан былай Марат Едігеұлы Шоранов басқарады. Бұйрық 2022 жылдың 13 маусымында жарияланды», — делінген хабарламада.

Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.

2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.

2019 жылы — Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...