spot_img
spot_img

Референдумның алдын ала нәтижесі белгілі болды

Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«6 маусымда сағат 08:00-де еліміздің барлық өңірлеріндегі және шетелдегі 10 012 сайлау учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Конституциялық түзетулер бойынша дауыс беру жалпыхалықтық сипатта болды. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысса, сондай-ақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісі дауыс беруге қатысса референдум өткізілді деп есептеледі», — деп хабарлады брифингте Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтардың 77,18 пайызы дауыс берген. Түзетулерге қарсы — 18,66 пайыз. Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылды. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньдердің 1,58 пайызы есепке алынған жоқ.

Дауыс беруге құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 986 293-і дауыс берді. Дауыс берушілердің 68,06 пайызы қатысты.

Еске салайық, 5 маусымда таңғы 07.00 мен 20.00 аралығында Конституциялық түзетулерге байланысты референдум өтті. 

Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс берді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?». Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беруі керек болды.  

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...

Суд вынес приговор по делу о мошенничестве

В суде №2 города Кызылорды рассмотрено уголовное дело в...