Кассациялық сот – сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды кезең

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде кассациялық сатының қызметі сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

2025 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер жөніндегі дербес кассациялық соттар өз жұмысын бастады. Бұл өзгерістер сот актілерін қайта қарау тәртібін жетілдіруге және сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кассациялық сатыдағы сот істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының дұрыс қолданылуын, сот актілерінің заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Іс материалдарын зерделеу нәтижесінде заңда көзделген тиісті шешімдердің бірін қабылдайды.

Сонымен қатар, кассациялық саты сот қаулысын өзгеріссіз қалдыруға, оған өзгерістер енгізуге немесе оның күшін жоюға құқылы. Мұндай өкілеттіктер сот актілеріндегі заң бұзушылықтарды анықтап, оларды заң талаптарына сәйкес түзетуге мүмкіндік береді.

Кассациялық тәртіппен істі қайта қарау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына ықпал етеді.

Сот жүйесіндегі бұл өзгерістер сот актілерінің сапасын арттыруға, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Г. Искакова

Апостиль – ресми құжаттардың заңды күшін растау құралы

Қазіргі таңда азаматтардың шетелде білім алуы, еңбек етуі, сондай-ақ...

Тоқаев, Трамп және Си Цзиньпин Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін оны қолдап пікір білдірді

23 қарашада Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты компанияның президенті...

Статья на тему: Этика государственного служащего

Государственная служба – это не только профессиональная деятельность, направленная...

Мемлекеттік тілді қолдануды бақылаудың тиімді тетіктері

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тіл...

Азаматтардың құқығы бұзылса, қайда жүгіну керек?

               Өз құқығыңды білу – өзіңді қорғаудың алғашқы қадамы.Әрбір...