12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Зейнет жасын төмендетсек, зейнетақы да аз болады – Тамара Дүйсенова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы зейнетақы жүйесі туралы айтылған кезде сіздер бір нәрсені білгеніңіз жөн. Біз 1998 жылы зейнетақы жүйесін реформаладық. Сол реформаға сәйкес, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтар ғана мемлекеттен еңбек зейнетақысын алады, содан кейін оған қосымша базалық зейнетақыны алады. Ал егер біз зейнет жасын төмендететін болсақ, онсыз да еңбек өтілі төмендеп келе жатыр, зейнетақы да өте төмен болады», — деді Тамара Дүйсенова Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.

Министр азаматтардың зейнетке ерте шығу мүмкіндігі де бар екенін еске салды.

«Сондықтан азаматтар 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақыға өз уақытында қосылып отырса, жарнасы дұрыс болса, 63 емес, тіпті 50 жасында зейнетке шығып кетуге мүмкіндігі бар деп заңда жазылып қойған. Сондықтан да азаматтардың ең негізгі жұмысы – зейнетақы жүйесіне уақытында қосылып, уақытында жарнасын төлеп отырса, зейнетке ерте шығуға толық мүмкіндігі бар. Бұл әйелдер ғана емес, ер адамдарға да қатысты», — деді Еңбек министрі.

Бұған дейін Тамара Дүйсенова ең жоғары және төменгі зейнетақы арасындағы айырмашылық азаятынын айтқан еді.


Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия...

Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың...