Ресейліктердің келуі Қазақстан еңбек нарығына қалай әсер етеді? Министр жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ресей азаматтарының қазақстандық еңбек нарығына ықпалы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазір көптеген ресейлік Қазақстанға көшіп жатыр. Біздің еңбек нарығымызға қысым түспей ме. Мұндай қауіп бар ма» — деп сұрады журналистер кулуарда Сенат отырысынан кейін.

Тамара Дүйсенова ЕАЭО елдерінде жұмыс күшінің қозғалысы үшін ешқандай шектеу шаралары жоқ екенін айтты.

«Біздің жұмысшы күш бұрыннан ол жаққа барып жүр, олардың жұмыс күштері бізге келеді. Бүгін қанша екенін айта алмаймын, бірақ кейінгі статистика келгендер саны аз екенін көрсетеді. Сондықтан қазір нарыққа қысым туралы мәселе бізге келгендерден емес, еңбекке қабілетті жасқа жеткен жастарымыздан шығады», — деп жауап берді ол.

Оның сөзінше, жұмыспен қамту мәселесін шешуде үкімет жастарға басымдық береді.  

Бұған дейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері ЭЫДҰ елдерінің жастарымен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз және біліктілігі төмен екенін мәлімдеген болатын.

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...

Қазақстанда инфляция төмендеуін жалғастыруда

2026 жылғы қыркүйекте айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып,...

Сапалы білім-елдің интеллектуалдық дамуының негізі

Қазіргі әлемде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарымен ғана емес,...

В учреждении №74 состоялись соревнования по национальной игре «Арқан тарту»

В рамках спортивных мероприятий среди осужденных, посвященных VI Всемирным...

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбие жұмыстары өткізілді

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар...