12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот шешімін орындау жөніндегі шаралар

Борышкерлерді сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту пәрменді шаралардың бірі болып табылады.

Алматы қаласы Әділет департаментінің прокуратурамен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жүргізген талдауы алимент төлемейтіндерді жауапкершілікке тартудың тиімділігін көрсетті.

Ағымдағы жылдың басынан бері алимент бойынша 22 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соттар өз кезегінде 2 іс бойынша жаза ретінде 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қолданылды.

Оның үстіне борышкерлер жауапкершілікке тартылған соң алимент бойынша 40 миллион теңгеден астам қарыз төленді.

Сонымен қатар, алимент төлемейтіндерден Porsche Cayen, Lexus RX 350, Reno Duster маркалы автокөліктерін, сондай-ақ пәтер, жеке үй және жер телімі түріндегі жылжымайтын мүлік тәркіленді. Аталған мүлік берешекті өтеу есебіне сатылды.

Борышкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту тиісті деңгейде ықпал етпеген жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тарту жөніндегі шара қолданылады.

2022 жылы алимент төлеуден және сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін күдіктілерге қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды (алимент бойынша борышкерлер) ҚР ҚК 139-бабы бойынша сотқа берілді.

Аталған шаралардан басқа, Департамент борышкерлерге жұмыс іздеу бойынша көмек көрсетеді.

Ағымдағы жылы 2 «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізіліп, оған 15-тен астам ірі компания түрлі лауазымдарға қатысты. Нәтижесінде 57 борышкер орнында жұмысқа орналастырылды, қалғандары кеңес алуға жазылды.

Айта кетерлігі, алимент өндіру бойынша материалдар сот орындаушылар жұмысының басым бағыты болып табылады, осыған байланысты борышкерлердің назарына өз міндеттерін орындамаған жағдайда құқықтық шаралар қолданылады.

Алматы қалалық әділет департаменті.

Есірткіге тәуекелділіктің соңы – қылмыс

Есірткі – қоғам дерті, ғасыр індеті. Ел ертеңіне алаңдаған...

«Справка о наличии либо отсутствии судимости в онлайн режиме»

Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной Прокуратуры...

СРОК ЗА ГЛУПУЮ ШУТКУ

«Всякое действие имеет противодействие». Так гласит третий закон Ньютона....

В УСЛОВИЯХ НОВОГО ЗАКОНА

18 ноября 2022 года вводится в действие Конституционный закон...

Прокурорлар тұтынушылардың құқықтарын қорғады

Атбасар ауданының прокуратурасы жылу энергиясын пайдалану қызметі үшін тұтынушылардан...