Ішкі істер министрі бірнеше шендіні тағайындады

ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, — деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, арнайы жиында қатысушылар жаңа қызметтен үміттілердің жетістіктеріне тоқталып, олардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін талқылады.

Осылайша Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

— Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;

— Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;

— Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов

— Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілген. 

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...