Парламент референдум туралы заң жобасына түзетулерді қабылдады

Мәжіліс депутаттары республикалық референдум туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге Сенаттың қосылуымен келісті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «республикалық референдум туралы «Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтыруды қарап, енгізілген толықтыру заң жобасының нормаларын нақтылауға бағытталғанын, оның тұжырымдамасын өзгертпейтінін және Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының мазмұнына әсер етпейтінін атап өтті.

«Сенат енгізген толықтыру «республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 3-бабының 2-тармақшасына қатысты болады, ол жаңа редакцияда жазылады. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырумен келісуді ұсынады», — деп хабарлады Комитет төрағасы Арман Қожахметов Мәжіліс отырысында.

Мәжіліс депутаттары бірауыздан келісті.

Еске салайық, Сенат депутаттары референдум туралы заң жобасына түзетулер енгізіп, Мәжіліске қайтарған болатын.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...