«AMANAT» партиясының хатшысы тағайындалды

Эльдар Жұмағазиев «AMANAT» партиясының хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эльдар Жұмағазиев 1973 жылы 12 мамырда дүниеге келген. Атырау Мұнай және газ институтының түлегі.

2007 жылы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірді. 1996 жылдан 2002 жылға дейін коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарды атқарды.

2002-2006 жылдары Атырау облысы ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы болды.

2006-2011 жылдары «Атырау-Ақпарат» медиахолдингін, 2011-2012 жылдары Атырау облысының ішкі саясат басқармасын басқарды.

2014 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында түрлі қызметтер атқарды, басқарма төрағасының кеңесшісі, аппарат басшысы, басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.

2020 жылдың қараша айынан бастап «ADAL» партиясының Хатшысы қызметін атқарды.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....