12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мәжіліс референдум туралы заң жобасын қабылдады

Мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасын қарауға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің бүгінгі отырысында депутаттар заң жобасын талқылайды.

«Жоба республикалық референдумды өткізу кезінде қолданылатын сайлау бюллетеньдері нысанын сайлауда қолданылған бюллетеньдермен сәйкестендіру мақсатында әзірленген. Заң жобасында республикалық референдум кезінде сайлау бюллетеньдеріне қойылатын талаптарды реттейтін нормалар бар, бұл азаматтардың дауыс беру процесінде қолайлы жағдай туғызады. Комитет заң жобасын қарауға дайын», — деді депутат Арман Қожахметов.

Еске салайық, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды.

Республикалық референдум — Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекет тіршілігінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.

Референдум бүкіл ел бойынша өткізіледі. Қазақстан тарихында екі рет референдум өткен. Біріншісі 1995 жылғы 29 сәуірде өтті және ел Президентінің өкілет мерзімін ұзарту мәселесіне қатысты болды. 1995 жылғы 30 тамызда өткен екінші референдумның мәні Қазақстанның жаңа конституциясының жобасы болған еді.

Дыхание искусства

ВЫСТАВКА С ТАКИМ НАЗВАНИЕМ ОТКРЫЛАСЬ В АКМОЛИНСКОМ ОБЛАСТНОМ ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКОМ...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...

Эскалация конфликта

СИТУАЦИЯ В ИРАНЕ И ВОКРУГ НЕГО ПОСЛЕ ГИБЕЛИ ВЕРХОВНОГО...

Театр иллюзий: мечты и реальность 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В АЛМАЛИНСКИЙ СУД Г. АЛМАТЫ...

Трагедия в Щучинске: один хлопок – семь жизней 

ОБЫЧНАЯ СМЕНА В ОДНОМ ИЗ КАФЕ ГОРОДА ЩУЧИНСК АКМОЛИНСКОЙ...