Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздестіруде жүрген қазақстандық азамат Германияда ұсталды

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Павлодар облысының тұрғыны Нюрнбергте ұсталды. Күдікті Интерпол арқылы халықаралық іздеуде болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Павлодар облысының полицейлері Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполдың Нюрнберг қаласындағы ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, Павлодар облысының 19 жастағы тұрғынын ұстады. Жас жігіт өткен жылдың қыркүйек айында Екібастұзда қарақшылық шабуыл жасап, кейін қашып кеткен болатын», — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жігіт саябақта серуендеп жүрген қала тұрғынының 300 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алған. Қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға тырысқан күдікті Германияға қашып кеткен.

Сондай-ақ Павлодар қаласында Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ іздестіріліп жатқан 58 жастағы  қылмыскер ұсталды. Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері павлодарлық жедел қызметкерлер 25 қылмыскердің ізіне түскен.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына 30 жыл

Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының «Судьялар Одағының съезі»  1996 жылдан...

Апостиль – құжаттарды халықаралық деңгейде танудың кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелде оқу, жұмыс істеу, некеге...

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейлік нышаны

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өзіндік ерекшелігін, егемендігін және ұлттық болмысын...

Сот кабинеті – құқыққа қолжетімдіктің заманауи тетігі

Қазіргі цифрлық даму кезеңінде мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімді әрі...