12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҰБТ-ға өтініш беру басталды

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау 14 мамырға дейін жалғасады. Тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.

Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов түлектерге жолдаған хатында талапкерлерге тиімді шешім қабылданғанын мәлімдеген еді. Енді олар ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік алды. Сонымен қатар бір бейінді пәндердің комбинациясын екі рет таңдауға болады, – деп түсіндірді БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

ҰБТ-ға қатысу үшін http://app.testcenter.kz сайтында тіркеуден өтуге болады.

Айта кетейік, алдыңғы екі ҰБТ-2022 (қаңтар, наурыз) қорытындысы бойынша тестіленушілердің орташа балы 68,5 балл болды. Бұл былтырғы нәтижеден жоғары. Қатысушылардың 70%-дан астамы шекті балды жинай алды. Ал ең үздік көрсеткіш — 135 балл. Талапкерлердің академиялық адалдықты сақтауында да оң өзгеріс байқалады. Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері, сонымен қатар оларды тестілеу кезінде пайдалану 2-3 есе азайды.

Сонымен қатар наурыз айында өткен ҰБТ-да әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Бұл талапкерлерге өздерінің әлсіз тұстарын жақсартып, негізгі ҰБТ-ға бұдан да тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік береді.

Түлектердің ҰБТ-ға жақсы дайындалуының тағы бір мүмкіндігі – Ұлттық тестілеу орталығының тегін онлайн-сынақ тестілеуін іске қосуы. Онымен қоса ҰТО-мен бірлесіп әзірленген білім беру орталықтарының тегін онлайн сабақтары да жалғасып жатыр.

Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге тест тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут берілді. Сонымен бірге ерекше талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленді. Сондай-ақ ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздың ерігіштігі кестесі қолжетімді болады.

Еске сала кетейік, үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-жалпыға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Тергеу мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тығыз жұмыс атқарады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Велосипед ұрлаған азаматқа жаза өтеудің міндеттері түсіндірілді

Жуырда Қызылорда қалалық пробация есебіне алынған Р. есімді азаматқа...

ҚАЖД басшысы сотталған әйелдерді Жауғаштыға қабылдады

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Глава ДУИС принял осужденных женщин в Жаугашты

Начальник Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Алматы, Алматинской области...