«Қазақфильмнің» тағы бір вице-президенті қызметінен кетті

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Айдар Баталов қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айдар Баталов бұл қызметке 2021 жылдың наурыз айында тағайындалған.

«Мен әріптестеріме және бүкіл ұжымға бірге өткізген уақыттарымыз үшін жоғары деңгейде орындалған жобалар үшін алғыс айтамын. Мәдениет және спорт министрлігіне бірлескен жұмыс үшін басшылыққа сенім білдіргені үшін алғысым шексіз. Алға жылжитын уақыты келді, енді менің өмірімде жаңа кезең басталды», — деді ол.

Айдар Баталов 1987 жылы 13 желтоқсанда дүниеге келген. 2010 жылы ол London Film Academy-ді бітіріп, Қазақстанға оралғаннан кейін «Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман» атты тұңғыш қазақстандық фантастикалық фильмнің желілік продюсері ретінде жұмысқа кірісті. Бір жылдан кейін ол өзінің алғашқы қысқа метражды «Онлайн» фильмін, кейін толық метражды көркем фильм «Заговор Оберонаны» түсірді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...